Біреуді паналап, соның ықпалында, қарамағында болды. ~ Мен өз тұстарыммен кейін табыстым. Атадан жалқы болсам да ағадан кемдік көргем жоқ. Тағдырдың маған қиған бақыты шығар, мен ағалар қолтығында көп жүрдім. Қ.Ысқ. ~ Бұлардан басқа алты арыстың бірі — аз ауыл Уақ бар. Бірақ олар Кереймен қанаттасып, көбінше соның қолтығында жүретін көрінеді. Қ.Жұм. ~ Сен маған қарағанда, қытайды тіпті терең түсінесің. Олай болатыны, менен гөрі көп оқыдың. Қытайлардың қолтығында жүрдің. Мәнсап алдың. Сеніміне ие болдың. Рас па? Т.Рыс. ~ Екі байға екі ай тұрақтамай, үш жыл бойы қымызшылардың қолтығында жүрген қыз ондай көздерді елей ме, гармонға қосылып шырқап жіберді. Ғ.Мұс.
