Posted in

ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН (КЕЛЕТІНІ, КЕЛГЕН, КЕЛГЕНІ)

Шама-шарқы жететін іс, істей алғаны, шамасы жеткені. ~ Ол мұны оң-теріс болса да қайрат, қажырлы қимыл, өнімді ашу деп біледі. Ел болатын елдің басшы боларлық ер-азаматының қолынан келетін қайратты қылық! – дейді. М.Әу. ~ Мына жұрт көк бақсыны алдырайық дейді… Оның пайдасы жоқ, оның қолынан келетін шаруа емес… Қ.Мүб.~ Дипломы бар болса да, қолынан келетінін арланбай жасай береді. Ж.Баб. ~ Мұраттың қолынан келетіні аптасына бір мезгіл ас үйдегі үстелдің тартпасында жататын төрт-бес пышақты жинап алып, асықпай отырып әрқайсысын жарты сағат жақсылап қайрайды. Ү.Жәл. ~ Ал Асқар болса істі неден бастарын білмей дағдарды. Бар қолынан келгені — жаңа кітаптар тауып әкелді. Ә.Әл. ~ Ақбаевтың қолынан келгені — бір дүкенге сатушы етіп орналастырғаны. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *