Уысына түсті, қарамағына көшті, билігіне өтті. ~ Сонымен Мәмбет өзі сықылды қашқан жігіт қатарында ұсталып, қазынаның қолына өткен. І.Жан. ~ Келесі билік Шиң Шысайдың қолына өткен еді. Ғ.Біл. ~ Мұндай әрекеттің аяғы опа бермейтінін, түбінде бар билік кедейлер қолына өтетінін ол түрмеде жатқанда түсінген. Б.Тоғ.
