Posted in

ҚОЛЫНДА КЕТТІ

Біреуге жем болды, әлдекім иеленіп кетті. * Көзі қарақты Балуанияз тайдың тұлпар мүсінін бірден таныған. Сол Құла жау қолында кетті. А.Өтег. * Жау қолында кеткен он жеті мың жылқыны қайтарып алу оңай ма? І.Ес. * Жоқ, ту-талақай болып әркімнің қолында кетпес үшін жалғыз жол – ел болып бірігіп, Ақ Орданың маңына шоғырлану керек. І.Ес. * Әкемнің сондағы айтқанының бәрі аумай келген. Ел тозған. Хисапсыз қалың мал конфескеге түсіп, кім көрінгеннің қолында кеткен. Ж.Сәм. * Уақыт – ұрының қолында кеткен өз қасиеттерінің бірі – әйелді сүю, әйелді ұнату екенін ол алғаш рет сезінді. Д.Исаб. * Түн жамылған ұрының қолында кеткенше, ашық күнде адал алақанға түссін. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *