Posted in

ҚОЛЫН СІЛТЕДІ

Көңілі қалды, “мейлі, не болса о болсын” дегенді ишаратпен білдірді. * Сондықтан да атамыз қазақ баяғыда- ақ «Әйелдiң шашы ұзын, ақылы қысқа» деп бiржола қолын сiлтеген. Әрi өкiнген, әрi қауқарсыздығын амалсыз мойындаған. Ж.Шағ. ~ Бірақ, көп ұзамай бұндағы басшыларымен тіл табыса алмай, бәріне қолын сілтеп, басқа қалаға кетіп қалған. Е.Әлім.

  1. Жақтырмады, “қойшы соны, қайтесің” дегендей болды. ~ – Бос сөз! – деді қатар отырған Қаратай қолын сілтеп. – Әшейін өсек таратып жүргендердің сөзі. Т.Әбд. ~ Кейін, Итжеккен Воркутадан аман-есен оралып келген соң, ағадан нақтылап сұрап едім. Қолын сілтеді. Әдетінше, айтқысы келмегені. М.Мағ. ~ Айтып беріңізші, – десіп жалына жабысты. Іңкәр қолын сілтеп: Әй-й, оны қойшы?! Қыз күніңде жиі ұшырайтын қытымыр мінездің ұшқыны ғой. С.Ғабб. ~ – Полицияға хабарладыңыз ба? – Өй, қой оларды, – деді ақсақал қолын сілтелеп. – Жаңа ғана солардан шықтым. Өзімді тергеп бітті. Р.Отар. ~ – Папа, шәйіңді іш, мамам шақырады, – деді. Әшір оған қараған да жоқ тек бара бер дегендей қолын сілтеді де
    қойды. М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *