Posted in

ҚОЛЫН ШЕКЕСІНЕ АПАРДЫ (ҚОЙДЫ)

Әскери тәртіппен “сәлем” берді. ~ Әжібек ауыз үйге шығып, одан қайта кірді де есік алдына қалт тұра қап, қолын шекесіне апарып: − Здробие желаем, жолдас кәмәндір! — деді. С.Мұр. ~ Жолдас завинтернат, то есть Уәлихан Мұхамеджанович! Интернат построен. Все в сборе, – деп оң қолын шекесіне апара жаздап қалып, қайтадан шолтаң еткізіп, төмен түсірді. Ш.Мұр. ~ Әдетінше қара ала шәпкісінің күнқағарын түземекке қолын шекесіне апарып, қайта түсірді. Шәпкісі жоқ екен ғой. Е.Жең. ~ Кейін қарай тұра жүгірген Ғайшаның әлемтапырық өңін көрген Саттар келіп есікті ашса, кіші лейтенант қазақ жігіті қолын шекесіне қойып өзін таныстырды. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *