“Шамаң келсе, сен де істеп көр” деген мағынадағы кекесін. ~ Е, бұл кісі айтпайды, айтса, сірә, қайтпайды емес пе?! – Қолдан келгесін, қонышынан басады да. Шіркін, біздің Ботекең елден асқан ептінің өзі ғой! О.Сәрс. ~ Қолыңнан келсе
қонышынан бас демекші, Қазақстан атынан үш команда өнер көрсетуде. Олардың екеуі ұлттық құрама атынан шығады. БАҚ ~ Әркім өз тіршілігімен әуре. Айналайын бостандық күллі болмысыңды бүтіндей өзгертіп жіберген әп– сәтте. Жақсы жағына, әрине. Қолыңнан келсе қонышыңнан бас. Қ.Жиен.
