Өзін-өзі асырайтын, күн-көре алатын дәрежеге келді. * … мектептегі кенжесінен басқаның бәрі де қырым – қытайда, ішіп- жеп кететін қарын бөле туыстар қолы аузына жеткен соң қазір сейілген. Қ.Ысқ. * Бар үміт ететіні сүткенжесі – қызының өзі қолы аузына жетіп жетіле қоймаған шығар, әкесі елге кетерде шешесінің бетіне қарап бір ауыз тіл қатуға жарамады… О.Сәрс. * Асып-тасып шалқыған дәулетіміз жоқ. Мал баққан елміз. Басқадан озбасақ та, қолымыз аузымызға жетеді, көштен қалмаймыз. Әкемнің аты – Дәулеткелді. Қ.Тол. ~ Қашан өз нанын өзі тауып қолы аузына жеткенше бәйек болып, басы-қасында жүрер еді-ау? Е.Әлімж.
