Батылы жетпеді; дәті бармады, жүрегі дауаламады. * Шал керек-жарағын қайықта түгел қалдырып кетсе де, бұларды ұрлауға ешкімнің қолы бара қоймас еді, бірақ шыққа малынып дымқыл тартып қалмас үшін ауыр құралдар мен желкенді үйге апарып қойғаны теріс емес. Э. Хэм. * Бұндай жағдайда алажақ кісіге ықырарын істеп, ырза ғып жіберу лайық. Әйтпесе мойынында қарызы бар өлікті көтеруге ешкімнің қолы бармайды. Ә.Нұрп. * Ағыбай пышақты алып ботаның жанына барды. Бірақ ботаның мөлдіреген көзіне көзі түсіп кетіп еді, ал кәні бауыздауға қолы барсайшы! І.Ес.
