Posted in

ҚОЛЫ ХАТ БІЛЕДІ

Сауаты бар, оқу-жазуға икемді. ~ Ләкин, ауылнай сайлауында оны шарға түсіруге мен ешкімді зорлаған жоқпын. Қолы хат білетін пысық жігіт деп, оның атын атаған осындағы көпшілік қауым. С.Ом. * Енді менің ел адамынан қорғалайтын нем бар? Мен неден тайсалам. Жалғыз кемдігім қағаз танымайтыным ғой. Мендейлер толып жатыр ғой. Әттең дүние! Қолым хат білсе, Күршін өзенін теріс ағызар ма едім, қайтер едім… Қ.Ысқ. ~ Елде Алмастың ет жақын туысы да жоқ. Қолы хат білетін бас көтерер ер– азаматтардың бәрі майданда. Ендеше елде оған хат жаза қоятын кім бар? С.Ом. ~ Бұл жыр жер-суға ие болған, бірақ әлі қолы хат білмейтін елге білім жолын нұсқайды, мал орнына күн кешкен Батсайы, Мүслима, Мәликелердің ендігі жайлары жүзіне бұл жырлардың жаны жылынады… Х.Ерғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *