Әлеуеті күшті; мүмкіндігі мол. ~ Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын, малды. Сөзге жүйрік, мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. М.Әу. ~ Дәркембай Абай тапсырған жұмысты дұрыс түсінген. Түннен бері, дәл таң атып, ел тұрғанша тыным таппаған. «Өзіңдейлерге айт!» деген сөзді ол анық ұнатқан. «Малы бардың несі құриды. Қолы ұзынның өрісі де кең. М.Әу. ~ Қайнағамыздың атын атағаныма кешіріңіз. Ол кісі не істеймін десе де қолы ұзын. Ә.Шәр. ~ − Қой енді, уайымдай берме. Жарайды, мен қалаға барып Сейтжанға айтайын. Милицияның қолы ұзын ғой. Іздесе, тез табылар. Ш.Мұр.
