Әлдебір істі орындауға кірісті; айналысты, шұғылданды. ~ Анадағы дядя Семеннің айтқаны айқын дала түскендей болды. Сонан, қойшы, етікшілер тобынан кедейлер ұйымын топтауды қолға алдым. С.Бег. ~ Құндызды төңірегін соңғы кездерде қолға ала бастадық, екі-үш мал бордақылау совхозын құрдық дегендей… О.Сәрс. * Күнкөріске бола бір сценарий аударып жатқанмын, шай қайнағанша бос отырмайын деп соны қолға алдым. Қ.Ысқ.
- Көңілін аударды, қырына алды. * Содан кейін Мұрда Майраны қолға алды, балгерліктен оның білетіні тауықтың арақты танығанымен бір бас деп құлдыратты. Ж.Айм. ~ Жұрт әңгімесі екіншіге бұрылады. Шаруашылық жайын қолға алады. Артель аты керек, коллектив болу керек. Қалай ашады? Б.Майл.
