Тұтқындалды, ұсталды, тұзаққа түсті. ~ — Алтайдың саңлақтарын алып қайтуға жылда атқа мінетінбіз… Бір жылы жолдасым — Рақымберді қолға түсіп қалып, соны іздеп жалғыз шықтым. Ж.Айм. ~ Қамшыны басып қалып, ырғып кеттім. Арғы жиегі алыс екен. Ат-матыммен омақаса жығылдым. Осы бұғанам сонда кетті. Не керек, мертігіп қолға түстім. Содан тұтқында бір ай жатып, әрең дегенде қашып құтылдым. Ж.Айм. ~ Осымен Жігітек Үркімбайды айырып алып қалды. Құнанбай жағынан бұл түнде қолға түскен кісі болмады. Жігітек тауды басына көшіріп, ұран сала берді. М.Әу. ~ Қыстаубайдың жендеттері де Сегіз серінің сарбаздарынан жеңіліп, қолға түскені түтқын болып, түспегені қашып құтылады. Н.Әбу. ~ Мол жиын таудың сайы, саласында. Түлкілер тұйықталып қолға түсті. І.Жанс.
- Бұйырды д.м. ~ Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран серігі болады. М.Әу. ~ Пароқ болам екен деп ығып жүрген мен жоқ. Күй таңдайтын заман ба? Қолға түскен шай атаулының көгін де, қарасын да ішіп жатырмыз. М.Сүн.
