Posted in

ҚОЛҚА САЛДЫ

Өтініш жасады, бұйымтайын айтты. ~ – Хажеке, ажалдан арашаладың. Әкем айтпаған ақылды айттың. Өлім ит болғанда, нәсілім адам ғой, ішіме сыймай барады….Боз биеңді Серкебай екеуміз Жұністің өз үйіне апарып, сойып бергеміз. Сіз сұрасаңыз жасырар сырым жоқ.- Мен сырға қолқа салмаймын. Біреу салса бермейтін сырым да бар.Осынау көптің жалынды ызасына жан төсеу оңай ма, сыр сақтау оңай ма? Салмақта, өзің шеш. Ғ.Мұст. ~ Мен бұл сөздерді оңай жаттап алған соң, кешке дейін күтіп көруге шыдамым жетпейтінін сезіп Петькадан тағы төрт сөз үйрет деп қолқа салдым. С.Мұр. ~ Тоғысбай, ішімізде сенен жүзгішіміз жоқ, арғы беттен қайықты алып келсең қайтеді? – деп көкеме қолқа салады. Б.Тоғ. ~ Біржан қолға қолқа салмай-ақ бел көтергісі келіп еді, болмасын лез байқаған соң жер тіренді. — Сиыр қимылға жарап қапсың ғой, – деді Әпіш. — Күл, күл. Құдай қылса амал қанша? — Құдай? Аузыңа түспейтін сөз еді. А.Сүл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *