Posted in

ҚОЛ БҰЛҒАДЫ

Қолымен ишара жасап, қоштасты. ~ Мойнын артқа тағы да бұрып қарап. Жасыл жазым соңғы рет қол бұлғады. Ш.Жұб. * Бірақ жарақатына байланысты спорттық дәуренге қол бұлғады. БАҚ. ~ «Қонақ болып кел, онда Поезға өзің мініп пе ең?!» Деп әзілдеп вагонда, Қол бұлғады түрікмен. М.Ерім.

  1. Шақырды. ~ Жол үстінде ескі қабырлар жататын, соған жеткенде көлік басын қайда бұрарын білмей, жолаушылар кідіріп қалды. — Әй, кім де болсаң бері келші, — деп қол бұлғады Қанабек. Ғ.Мұст. * Көк майса, Желек еткен-атырабы, Қара ши, өзен бойлап, жатыр – әні. Түсіме, ене қалса, анам-әкем, Қол бұлғап, өздеріне, шақырады… Е. Бол.