Біреудің қолын (қаруын) денесіне тигізбеді; маңайлатпады. ~ Жігіт екінші орап өткенде де бойына қол дарытпады, бастырмалатып кеп еңкейе берді де екі бірдей айылын ағытып жіберген. Қ.Ысқ. ~ Солдаттар оны құрғақ қолмен емес,
найзалары сүйреген мылтықты қолмен қамады, егер құрғақ қолмен қамаса, алыса кеткенін ұшырып жіберер еді де, денесіне қол дарытпай, сытылып шыға келер еді. C.Мұқ.
