Posted in

ҚОЛ ЕМЕС

Ыңғайына келмейді, лайық емес. * Минут, сағат, күндік, айлық қол емес, Тілейтінім, жүдейтінім ол емес. Көрсе қызар, антын бұзар қылжақбас, Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес. Б.Майл. * Өзімді- өзім тоқтата алмай ұзақ жыладым. Ауруханаға неге келдім? Маған қол емес қой медсестралық — деп те ойладым. М.Сүн. * Қолбасыға жеңгетайлық қол емес, нұсқаған сенің жұмағың мен жүретін жол емес. С.Досан. * Едігежан, бұл жұмыс саған қол емес екенін мен бірден байқадым, зорығып тұрсың. Мұндай ауыр жұмысқа жарамайсың әлі. Ш.Айт. * Сонда ғой Ерқабаттың: «Сен, шырақ, оқып жарытпассың, оданда қара шаңыраққа ие боп, көкемдердің қасында қал, оқу саған қол емес, сен тіріліккке ептісің», – деп құбыла күлгені. Д.Қуат.