Posted in

ҚОЛ САЛДЫ

Біреудің (әйелдің) тәніне қол жүгіртті. ~ Бір күні екеуі де шарапқа молырақ басып жіберді де құшақтасып ұйқыға кетті. Ғаным бірінші болып қол салды. МбТ. ~ ІІІепе Күнтайдың бұл ойын бұзды. Нұртайдың қырқын бермей жатып, ас үйде ұйықтаған Күнтайға ол түнде кеп қол салды. С.Мұқ. ~ Тұянадай үш Қанат отаудың төрінде Әсия мен Сарыбала, бір бүйірде келіншегімен Аманбай. Төртеуінен өзге жан жоқ. Аманбай басы жастыққа тие қорылдады. Сарыбала ұйықтай алмай қойған соң, ақыры қол салды Әсияға. Ғ.Мұст. ~ Мұсылман патшалығы да оңып тұрған жоқ. Қоқанға қарайтын Қоңыраттың ауылдары тозып кетті… — Қоқан ханы Мәділі — кәпір. Тоқал шешесіне қол салып, құдайдың қарғысына ұшырады… З.Шүк.

  1. Басып алуға әрекет қылды, күш танытты. ~ Терістік беттен әжуси-мәжусилер осылай қарай қаптағалы тұрғанын марқұм сезген жоқ. Аузы түкті кәпірлер қазақ даласына қол салып жатыр. Халықтың көзін әдемі мата, асыл моншақтармен қызықтырып, құлқын аздырмақшы. З.Шүк. ~ Жылына жиырма миллион адам дүниеге келеді. Қазір бүкіл әлемге қол салып жатыр. Жерді жалдап алып жай ғана тірлігін жасағандай болып, ішімізге еніп келеді. Қ.Бег. ~ …ақыры сол азапты елге қол салады екен, оның дұшпаны, қарақшысы болады екен. Ш.Айт. ~ Тек, сабыр, бізді ашумен жұмсаса да, Сапақтың ол кісі емес қол салары. Ғ.Қай.