Ұмтылды, талпынды, мақсат тұтты, талаптанды. ~ Жай адам қияға ондай қол сермей ме?! Ақынға аз нәрсе ауыр ой бермей ме?! М.Жұм. ~ Ессіз жүрек аспанға қол сермеді, Ессіз жүрек ақылға жол бермеді. Жастық у ғой, айнымай,у ішіппін, Бұл күндері кеудені ой кернеді. М.Жұм. ~ Талпынып қол сермедім ұшқан құсқа, Болса да жетер ме деп қолым қысқа. С.Торы. ~ Ал осылардың бәрі келешегіне қол сермейді, үміттенеді, ертең ертемен ілгері көше береді. Б.Бұлқ. ~ Ертеде Еділ таңында Тұрып князь қойнынан, Ашып құшақ ағынға, Өлімге қол сермеді. І.Жанс.
- Қолын сілтеп, ишарат білдірді. * Садық жадырай күлді де, қолын сермеді. Не дер екен дегендей ел жым болды. — Көкпар десеңіздер, қалауларыңыз болсын, —деп кесіп айтты Садық. Қайтадан жадырап күлді. Б.Мом. * Аяғында доктор: — Не годен!— деп, артынан балағаттап қолын бір-ақ сермеді. Бүкір бала қуанып, домалап шыға жөнелді. Б.Мом.~ Сонда да Заһира бұған сенбейді көп, Қан басып қара көзін бірге еріп кеп, Кавказға сұп – сұр болып қарап тұрып, Әй, әке, – қол сермеді, – келмейді, деп. А.Абайұлы. ~ Апам жылап берекесі кеткен әйелдерге бірдеңе деп қол сермеді де, сымға тартқандай тіп-тік денесі құныса түсіп, үйге қарай беттеді. З.-Ғ.Иман.
