Уағдаласты, келісім бекітті, бәстесті. ~ Д о ғ а л (пауза). Жоқ, бермеймін. Түлкінің күшігіндей өзім өсіріп келем де, жетіліп ап саған соқтырам ба? С а р т а й. Не деп отырсың, өз ниетің бар ма? Д о ғ а л. Өзім алам. Сен қызықтырдың, алдым, өзім алам. Мә қолым. (Сартай екеуі қол соғысады.) М.Әу. ~ Ол бір қора қойдан төрт қойды тандап алып, мал иесімен қол соғыса бастаған екен. Алақандары сарт еткен кезде «отыз тиын», «қырық тиын» десіп таңдайлары тақ ете түседі. Ә.Әб. ~ «Бәс тігесің бе? Бір жетіден қалмайды»! — деді ол. — «Мақұл!» Екеуміз қол соғыстық та, тарастық. М.Лерм.
