Қонақ күтіп, құрметпен шығарып салды. * Ертең жүретiн Бiржандардың шыға қонуына сол ауылдар жол едi. Абай ол шақырысты мақұл тапты. Өздерiнiң тағы бiр аулына соңғы рет қондырып, қонақ аттандыруды аса орынды көрген. М.Әу. * — Анадағы қойдың еті таусылып қалды ма? — Таусылмағанда… Бір-екі рет қонақ аттандырдық. Біраз ет қалып еді, «қызылсырап отырмыз» деген соң жартысын қыз бен келінге бөліп бердім. Қ.Жұм. * Көке, түсіңіз қашып кетіпті. Не болды? – деп інісі жақындап келіп, ат үстінен еңкейіп, қара шоқпарды жерден іліп ап, Жауынбайға ұсынды. — Жоламан, осы бүгін біздің ауылдан қонақ аттанды ма? С.Смат.
