Posted in

ҚОРАШЫЛ ТӨБЕТ (ИТ)

Үй қорыған иттің күнін көрген, құлдыққа түскен адам туралы. ~ Желкілдеген ала ту Жиырылып ойға түскен күн. Жез қарғылы құба арлан Жез қарғыдан айрылып, Қорашыл төбет болған күн. Махамбет. ~ Өзгеге жақсы көрінген өмір бұған тозақ есебінде көрінді. Тұтқын орын деп санады. Бүгінгі ырзалық – құлдың ырзалығы. Қорашыл төбет болғанына мәз болған жігерсіз, отсыздың ырзалығы. М.Әу. ~ Саңқ-саңқ үріп қорашыл кәрі төбет, Анда-санда қотанда барқыраған… Т.Жар. ~ О дүниеңде жылатпаспын, ақ құлын. Көне қорым шұбалған. Менің деймін, нем аяулы бұлардан. Біздің жүріс нәлет жүріс, расы, Төңірегім қорашыл ит, құба арлан… Е.Рау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *