Бөлмелері қарама-қарсы, бір-біріне тиіп тұрған, есігі ортақ үй. ~ Қоржын үйдің ортасындағы ауыз үй терезесіне қалың қырау тұрған, қара көлеңкелеу екен. Сырттан келген адам, кім болса да, көзі үйренгенше біраз тұрып қалатын-ды. Есеней де тұрып қалды. Ғ.Мүс. ~ Өзеннен өткен соң мектеп тиіп тұр. Төбесін қамыспен жапқан қоржын үй. Оның бірінде біз оқимыз, екіншісінде Ақторта апайдың семьясы тұрады. Т.Әбд. ~ Үш бөлмелі, төбесі ашық, ортасында дәлізі. Терістігі мен түстігінде екі есік, кәдуілгі қума етіп салынған қоржын там. Там әлдеқашан құлаған. Қызыл кеніш қонысы осы. Д.Досж.
