Posted in

ҚОРҒАСЫНДАЙ САЛМАҚТЫ

Зілдей ауыр. ~ Жер төсіне төне түскен қорғасындай ауыр бұлттар аспан аясын тарылтып жібергендей. Ж.Баш. * Осының бəрін ойлаған сайын басыма сабалақ албастыдай қара ойлар келеді; кеудемді атты дүсірлеткендей болады. Күре тамырларым зырқ-зырқ етеді. Бойым қорғасындай салмақтанады. Ж.Айм. ~ Қорғасындай салмақты ірі тамшылар шөп кекілін шерткі- леп, мал тұяғына тапталған тақыраңның шаңын шығара осқылады. Ө.Кәр.

  1. Байсалды, байыпты. ~ – Сіз тыңдап тұрсыз ба?- деді қорғасындай салмақты қоңыр дауыс.- Тыңдап тұрсыз ба деймін? Д.Ис. ~ Сондай саналы адамның жұмысынан ақау табылуы Тупаловқа бір жағынан ауыр тисе, екінші жағынан оның жаңағы қорғасындай салмақты сөзін естіп ойланып қалды. М.Им. ~ Сарыбалапан қорғасындай салмақты, бір тоға тұнжыр кейпінен айнымайды. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *