Posted in

ҚОРҚАУ ҚАСҚЫР

Қасқыр тектес жыртқыш аң. ~ Итпен тұқымдас тағы күйде қалған қорқау қасқыр, шақал, түлкі, қарсақ және басқалары ет қоректі. А.Байт.

  1. Зұлым, озбыр. ~Қазақ әскерінің үш бөлігінің бір бөлігімен–ақ, құдай бұйыртса, Қоқанның қорқау қасқырының кеңірдегін жұлып алармыз!… І.Ес. ~ Сен мені өз бөлтірігін аямас бір қорқау қасқыр екен деп тұрған шығарсың, – деді ол, даусы кенет дірілдеп кетіп, – олай ойлама! І.Ес. ~ Мiне, ит деп соны айт. Дұрысына келсек, тiптi, ол саған қарап үрген де ит емес. Олай болса сақтанасың ғой. Керiсiнше, үндемей кеп қапқан ит. Үмiтiңдi бiраз күн өрге сүйретiп, ақыры әзiз басыңды көрге итермелеген қорқау қасқыр! Р.Рай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *