Posted in

ҚОСАҚ АРАСЫНДА КЕТТІ

Жазықсыз күйді, бекерден-бекер запа шекті. ~ Связист деген халық та, мына біздер, шабармандар сияқты, өздері оқ атпайды. Бірақ немістің оғына ілігеді. Қосақ арасында кетеді. Т.Ахт. ~ Оның үстіне, егер тасадан шығып шын соқтығып қалар сайланған жұрт болса, Пандардың малы үшін қосақ арасында кетермін деген өз қаупі де бар еді. С.Жүн. ~ Елімізді барлатамыз-байытамыз деп қидасын кәрі жілікті тарландай-ақ ілгері тарттық. Қаба елді қаптай, сыпыра тұтқындаса, қосақ арасында кете береріміз хақ. Б.Қыд. ~ Әрине, дейтін ол кейде қосақ арасында кететін жайлардың болуы әбден мүмкін. Алайда, үлкен істерде әр қилы құрбандықтардың болып жатуы заңды. Н.Дәу. ~ «Дұрыс айтады» деген жалғыз ауыз сөзі үшін қосақ арасында кеткендей болған болысты да екі полицей орнынан тұрғызып, алдына салып айдап әкетті. К.Сег. ~ Адал еңбегіне сеніп әділет аулынан табан аудармай жүрген мына Арыстан-екеңнің қалай қосақ арасында құрып кетпей жүргені белгісіз … Д.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *