Posted in

ҚОС ҚОЛЫН ТӨБЕСІНЕ ҚОЙДЫ

Жаны түршікті. * … той туралы шым- шымдап сыр тартып көріңіз, қос қолын төбесіне қойып, безіп кеткісі келеді. Қ.Жиен. ~ Аяп кетеді сондайда. Кейде ұрыс шығарып, жылуы жоқ төсегінен жылан шыққандай шошынып, екі қолын төбесіне қойып, қаңғып кеткісі келетін. Анасы, аяулы Хадиша анасы марқұмның көңілі үшін бе, киелі ата әруағының мәртебесі үшін бе, ілбіп жүре беретін. Б. Тлен. ~ Өлiп жатқан адамды да тонайтын қандай зұлым, қандай қаскөй, қандай қатыгез заманда өмiр сүрiп жатырмыз, Құдай-ау! Осындай сұмдықтарды көре-көре немесе ести-ести кейде мына өмiрден мүлде шығынып, қос қолыңды төбеңе қойып, безiп кеткiң келедi… Т.Мед.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *