Posted in

ҚОС ҮРЕЙ (БОЛДЫ)

Көлеңкесінен қорқу; не болса содан үрейлену д.м. * Оның үстіне тумай жатып қуғын көріп, қос үрей болып ескен су жүрек немелер үйір бастап қай бір көктете қояды дейсің? Ә.Кек. * Қай күні алып кетеді деп өзі қос үрей боп жүрген адам кімге қамсау болып жарытсын. Т.Сәу. * Тар төсекте талығып. Екі есті боп жатқанда. Қос үрей жан шыдамсыз. — Тап боп осы күйіңе, Аңдып жүрген бір арсыз. С.Нұрж. * Қарғадай болсаң да көзіңдегі қос үрейді көрген соң түңіліп, сұрықсыз сұм кепті баян қылдым. Естіген құлақта жазық жоқ. А.Кем. * Апырым-ай, бұған айнала тор құрып тастаған ба, немене? Әлде Дүйсеков деген әншейін қосүрей ме? О.Сәрс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *