Жанды жеріне тиетін сөз айтты. ~ Ертеңінде жұмыста алқа-салқа, мең-зең, көңілсіз жүрді. Қарт бүлдірді — кеше, одан бұрын да жанына батса да, елемегенсіп жүрген қотырын қасыды. Аяқ астынан Тотымен сөзге ілігісті. М.Қаб. ~ Түсінбейді-ау! Әйтпесе мұңға бөккен көп кеуденің үнсіз ыңқылын бір арнаға жинаса, жер сілкініп, тау шайқалар ма еді?! Неге сезсін! Сезбеген соң әркім өз сырын өзгеден қымтап, өз қотырын жасырып қасып, басқаның қотырына тұз себуге құштар…” С.См. ~ Түссе де, басың дауға жасымайсың Әндетіп, бір жеңгеңді қасыңа апсың. Қасысам, өз қотырым үйреншікті, Қотырын өзің кімнің қасымақсың? Мәулімбай (“Айтыс”)
