Posted in

ҚОШҚАР ТҰМСЫҚ (МҰРЫН)

Дөңкиген үлкен мұрын. ~ Көзіне пенсне киген, ұзын бойлы, толық денелі, ұшын сүйірлеу қырыққан бурыл сақалды, қошқар
тұмсық, жасы елулер шамасында болса керек. А.Жақс. ~ Жендеттер қылбұрауды қайта қысқалы тап бергенде топты жарып
кеп есік пен төрдей көшелі тобылғы торы ақбақай аттан қарғып түскен қақпақ жауырынды қыран қабақ қошқар тұмсық
қараторы жігіт. C.Ақт. ~ Нұрқат-дембелше, жуантық, бет-әлпеті дөрекі жасалған, қолағаш мұрын, кең танау қазақ айтатын
нағыз қошқар тұмсық, адуын жігіт. З.Шаш. ~ Бекбауылдан төмендеу отырған сары бала ширығып айтты. Бұл Нұрымбеттің
Ақмырзаға тете ұлы Жанқожа. Нағыз қошқар тұмсықтың өзі екен. Таңсыққожа оған сүйсіне қарады. З.Шүк. ~ Екі басында екі
пұттық гирьдей домалақ темірі бар жом тұтқасын айналдырып тұрған жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді зор қара
жігіт Матвей Степановичтің әніне қосылмақ болады. Ә.Сәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *