Posted in

ҚОЯБАСЫН ШЫҒАРДЫ (АҚТАРДЫ)

Өтірігін шығарды, сырын ашты, масқаралады. ~ Бүркіт жаз түлеген кезінде тышқандармен қоректенеді де, олардың кейбір кішігірімін тұтас күйінде қылғудан да қояба болады. Одан жазу оңай: адамның несебіне араластыра жентектеген қарды асатып жіберсе, бүркіт құсады, сонда томалақтанған қояба түсе қалады. Кейде сөзден шатасқан біреулерді «қоябасын шығарды» деп реніш білдіру осыдан қалған. С.Мұқ. ~ Ал мен сенің жағаңнан, міне, қазір алып, алқымыңды сығып тұрмын, Бектемір. Ақыры, ішкі қоябаңды ақтарып, қоғамға нағыз қас, зиянкес адам екеніңді өзің әшкереледің. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *