Posted in

ҚОЯН АЯҒЫН ЖЕГЕН

Бір жерде отыра алмайтын, мазасыз; аяғы аяғына жұқпай, шапшаң жүретін адам туралы. * – Жә, отырсын сөйтіп… Қоян аяғын жеген тентек немеге ол аз. Кімге тартып тынышсыз болғанын білмеймін. М.Сүн. * – Өзі қайда қазір? – Сіздің… Бәкең үйіне түсіргем… Қоян аяғын жеген неме, тағы да ел ақтап кетпесе… С.Жүн. * Есікті ашайын десем болғаны апам «ойбайын» салады: «Шаншулатасың жап деймін! И… и, құдай шіркін- ай! .. Қоян аяғын жеген неткен тынымсыз ең. Бүгін бір шай ішейін дегенде көлеңдеп жүріп алдың ғой»,— деп тақымдасын- ай кеп мені. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *