Қорқақ. ~ Ең қоркақ делінетін қоян жүректер де осы сәт қылыштарын жарқылдатып жасақты жаумен жағаласып халық кегі үшін қан майданда қаза табуды армандады. С.Досан. ~ . ~ Қорқынышты болса, үйіңнен шықпай отырсаң еді! – деді Нұрбек тістеніп,- Тыңға қоян жүрек қорқақтардың қажеті жоқ! Ш.Айт. ~ Дегенмен мұндай батылдық екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мына алдында отырған адамды қоян жүрек қорқақтар қатарына қоса алмайсың. Сонда мұныкі не? Қ.Жұм.
