Posted in

ҚОЯСЫН АҚТАРДЫ

Жасырын сырын ашты, әшкереледі. ~ Майор оның үйіне барайын деп еді, «ауру, әл үстінде жатыр» дегенді айтып, Шыңғыс жолатпады, сондағы ойы, – «Шепенің де қоясын ақтартар» деп қорқу еді. С.Мұқ. ~ Мұны қақпайлаған жоқ. Тiзгiндi жiберiп қойып, анда-санда бiр тартады. Онысы мына кәрi түлкi iшiндегi қоясын ақтара түссiн, көкiрек қатпарын көрейiн деген қулығы шығар бәлкiм? Т.Сәу. ~ Қарашашты қартайып барып көрген екен…— деді екі қолын тізесінен асыра салбыратқан Елтай. — Баспалап отырып, бар қояңды ақтаратын қу бала болдың сен. М.Қаб. ~ Сондықтан сөзді созбалақтамай тезірек шығып кеткісі келді. Өйткені ол «қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді» дегенді жақсы біледі. Келіншектің ішінде шемен болып қатқан бір қоясын ақтарса, екіншісі қылтиып бас көтермесіне кім кепіл? С.Олж.~ «Көзіңді қазір жоғалт, кәрі түлкі! Әйтпесе милицияға барып, қояңды ақтарамын!» — деп ем, жан керек, алды-артына қарамай зытты. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *