Posted in

ҚОЯСЫН ҚОЗДЫРДЫ

Арқасын қоздырды, желіктірді, қолтығына су бүрікті. * Едігенің бұл сұрағы ителгікөздің қойқаптағы қоясын қоздырып жіберді … Ш.Айт. ~ Енді сол әндегі Пенденің жан шырылына өзінің жанайқайын қосып, тыңдарманның да көкірек қоясын қоздыратындай етіп аңыратқысы келеді. Е.Әл. ~ «Мұзартты», «Жігіттерді», «Қоңырды», «Тұранды», «Серілерді» тағы осылар секілді ұлттық нақышты насихаттап жүрген қаншама топ бар, қаншама жеке жүрген әншілер бар, күйшілер бар, соларды айтудың орнына қай-қайдағы қойыртпақтардың қоясын қоздырасыздар да жатасыздар… Айтқан сайын олар көбейеді. С.Мед.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *