Қаңғып, тентіреп кетті, аштықтан көз ашпады. ~ Ақшаға ұлтын сатқан опасыздар! Мен ғой “жұмыссыз қоңыз теріп кетсем де қазақ болам” деп қасарысып тұрып алғам, ал, бұлар… Көрдіңдер ме не істегендерін! Д.Иса. ~ Қу тiрлiк қоңыз тергiзiп жүр де баяғы. Тамақ iздеген айуандық кептен ағайын iздеген адамдық кепке түсе алмай жатырмыз… Ә.Ыб. ~ Ереке, замандас, бір жылдың төліміз ғой. Қу далада сен де, мен де қоңыз терген күйге түсіп, жетіскенімізден жүрген жоқпыз. З.Нұр. ~ Енді не арманы бар? Бұны күлкі еткен, бұны көзге ілгісі келмегендер қоңыз теріп кетті. С.Елу.
