Даланың жыртқыш емес шөппен қоректенетін аңдары – құлан, арқар, бұғы, елік, қарақұйрық т.т. ~ «Е, пақыр-ай,-деген сонда Сабылдық шал тілін алмаған теріс азуларға деген ренішін жасыра алмай,- құлан деген даланың қоңыр аңы емес пе, олар темірден ауыздық салып, тепкілеп мініп алатын тай-байталың емес. М.Алм. ~ Неше күн, неше түн жүргенде азық-түлік те түгейді. Тек мылтықтың таңдайында бірнеше тал оқ қалады. Қоңыр аңы қойдай өріп жататын ен даланың да пейілі тарылып, тірі тышқан жолықпайды. Ы.Дәб.
