Желпи соққан самал. ~ Әсем, әсем нақысы
Айдынның сұлу қуындай;
Қалықтатып созғаны
Сарыарқаның беліндей,
Жаяулатса, баяулап,
Арқаның қоңыр желіндей;
Тамылжытып, сынықсып,
Жаңа түскен келіндей;
Қалың қазақ даласын
Әнімен залға сыйғызды,
Дауысын көпке сүйгізді,
Шапалақ та шапалақ…
Пәле шіркін! Бис-бис…
Тағы да шық, тағы да!..
Тағы шықты Әмірқан. Ж.Айм. ~ Жабыса, сағына сүйеді. Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рақат. Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндей жыбыр қағып шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары… дала емес – теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. М.Әу. ~ Күн батып барады. Үй іші қара көлеңке. Қыс болса, сасық үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел азынап кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз болса, туырлықтың етегінен, шидің арасынан жыландай жүз бұралып, қоңыр жел кіріп, жолдасын жоғалтқан жандай мұңды, зарлы бір қоңыр әнге басады М.Жүмаб. ~ Жазық күнгей беттен ақырын қоңыр жел есіп тұр. О.Сәрс. ~ Түс кезіндегі аптап азайып Балқаш жақтан қоңыр жел есті. Б.Тоғ.
