Posted in

ҚОҢЫР КЕШ

Маужыраған, жанға жайлы, ымырт үйірілген мезгіл.~ Қайтты қаздар көкірегін ән билеп, Қоңыр кешті сағынышпен әлдилеп. Т.Айб. ~ Күздің қоңыр кешінде, алдында қазы-қарта, жал-жая, күрең шай, мөлдір ішімдік тұрғанда, мынадай әсем ән шырқалып, сырнай ойналғанда елітпейтін, желікпейтін жан баласы болар ма екен. Б.Тоғ. ~ Тамақтанып болып, тысқа шықтым. Көз байланып қалған екен. Маужыраған қоңыр кештің құшағында, қора аузындағы сырғауыл қашаның үстінде, қонақтаған­ тауықтай шошайып отырмын. Ойымда Жанар. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *