Posted in

ҚОҢЫР КҮЙ

а) Бір қалыпты, орташа жағдай, қарапайым тірлік. ~ Күзгі аспан тартып жабырқау, Қабағын күннің аңдиды. Жамбастап жатқан қоңыр тау, Қоңыр күй кешіп қалғиды… Қ.Бұғ. ~ Қоңыр күні, қоңыр дала, қоңыр үн… Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім. Ж.Нәж. ~ Той салтанаты осындай қоңыр күйде, бұғыңқы қалыпта болғанымен, келушілер ермексіз қалған жоқ. Т.Әл. ~ Енді міне қатпарлы табиғаттың жұмбағын таппаған ол, құмды даланың қоңыр күйін түсіне алмаған қуыс кеуде міскіндей қақшиып тұр. М.Алм.

ә) Домбыраның құлаққа жағымды, күмбірлеген әдемі сазы. ~ … шыр етіп жерге түскен сәбидің алғаш еститіні қазақтың халық әні мен қоңыр күйі. Жастай босанған әйелді күзететін болған. Баланың жағдайын ауық-ауық біліп тұрады екен. Сондағы жай күзетпей жырдан шашу шашып, қоңыр күйді күмбірлеткен ғой. Ж.Баб, ~ … шыр етіп жерге түскен сәбидің алғаш еститіні қазақтың халық әні мен қоңыр күйі. Жастай босанған әйелді күзететін болған. Баланың жағдайын ауық-ауық біліп тұрады екен. Сондағы жай күзетпей жырдан шашу шашып, қоңыр күйді күмбірлеткен ғой. Ж.Баб. ~ Қоңырқай үйден шыққан қоңыр домбыраның қоңыр үнді қоңыр күйі күмбірлеп, бірде іргелеп көбелеп, бірде сағалап, бірде шарықтап, алуан түрлі ырғаққа басып, бебеулеп, безектеп жаралы ботаны қақпалап, сүйемелдеп келе жатыр, міне тіпті жақындап қалды… Бозінген боздап жіберді. Ж.Баб. ~ Байқасам, домбырасында тиек жоқ, бір әдемі қоңыр күйді сызылтады. Азды-көпті домбырадан хабарым бар, тиек болмай күй тартқанды тамаша көріп біраз отырдым. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *