Posted in

ҚОҢЫР МАЙДА САМАЛ

Жанға жайлы салқын леп. ~ Құшақтарын босатып, бір қауым үнсіздікпен жотаға шықты. Самал, туған даланың қоңыр, майда самалы желпи еседі. Даланың, мәңгі қартаймайтын ана даланың төсінен уыз иісі аңқып тұр. Ж.Шәк. ~ Әсіресе қоңыр майда самал ұяң желпігенде, жаз лебі рақат әлдиіндей сезіліп, айналаң кір шалмаған, дақ түспеген, жас отаудың жасыл жібек пердесіндей түріліп сала бермей ме. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *