Posted in

ҚОҢЫР ТАРТТЫ

Көңілі ортайды, қабағы жабылды. ~ Құнанбайлар екінті мен ақшам арасында аттанар кезге шейін дәнекер болған осы әңгіме ғана. Бата оқыршылар сол кеште үнсіз, қоңыр тартып, жайлау-жайлауына қайтысты. М.Әу. ~ Күні бойы қоңыр тартып қоңылтақсып келе жатқан көңілі осы арада өсіп, еңсесі көтеріліп қалды. Өз қоластына қарайтын, жерге, елге биіктен шолып назар жіберді. С.Ел. ~ Ондай күйлері болғанда алдына үйіп-төгіп қойған молшылықтың барлығы да оншалық әсер ете алмайтын. Қуана алмағандай қоңыр тартып, әке-шешесін ұғына алмағандай сазарып қарап қалатын. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *