Тым жақсы да, тым нашар да емес, орташа. ~ Ендігі қалғандарынан: Абдырахман хәлфені, Дүйсекей карташыны, Жұман бақсыны шығарып тастасақ, қалғандары біркелкі болып сараланып-ақ қалады, бұлар – бірден онға шейін қарасы барлар; қоңыр төбел, қырық шоқпыт жұлым үйлері барлар; екеу-үшеуі қосылып, бірігіп егін салып, шөп шауып, өздерінен артылса, кісіге жалданып еңбекпен тамақ асырап отырғандар. Б.Майл. ~ Жан-жағы шағыл құм, сексеуілді түлей ішінде бой жасырыпбір ауыл отыр. Қоңыртөбел елу-алпыс үй. С.Елу. * Бұл жастайынан ауыл-ауылдан тері-терсекті арзанға алып, Пішпек, Тоқпаққа апарып пұл қылып сатып, байыса онысын білдірмей, байымаса онысын және сездірмей қоңыр төбел жүретін қырма сақал, көк тұқыл, сөзге дыли кісі еді. Н.Дәут.
