Posted in

ҚОҢЫР ҮЗІКТІ

Жұтаң, күйсіз. ~ Түс ауа бергенде бұлар жазық далада бір өзі жалғыз шошайып тұрған Жетімқараға жетті. Осы шоқының етегінде қоңыр үзікті кедей ауыл отыр екен. Ә.Нұрп. * Бұлар қыр жақта отырған қойлы ауылға келді. Петр Дьяков қасындағы кісі-қаралармен ауыл шетіндегі қоңыр үзікті үйге түсті де, Еламан аттардың жанында тұрып қалды. Ә.Нұрп. * Бір рет темір жол бойында жападан-жалғыз отырған үй кездесті. Итарқа ғып тіккен қоңыр үзікті үйдің шаңырағынан ақшыл түтін шығады. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *