Posted in

ҚУАНЫШЫ КЕУДЕСІНЕ (ҚОЙНЫНА) СЫЙМАДЫ

ҚУАНЫШЫ КЕУДЕСІНЕ (ҚОЙНЫНА) СЫЙМАДЫ Есі шыға қуанды, шат-шадыман болды, шаттыққа бөленді. ~ Мәделі де атының басын Қаратау жаққа бұрып, қуанышы кеудесіне сыймай, „жігіттер, жігіттер,, деп айқайлап, Сұлтанқожалардың сонынан құйғыта шапқан. АҚ. “Арпалыспен”. ~ Ең аяғы шіркей де бір түйір кеудесіне қуанышы сыймай тынымсыз дірілдейді. Т.Ахт. ~ Асқардың мерейі әбден өсті. Онсыз да кеудесіне сыймай тұрған қуанышы одан әрі тасып-төгілді. Кілең жылы сөз, жақсы сөз. С.Осп. ~ Енді барлық мақсаты орындалатынына масайраған қарға қуанышы қойнына сыймай, отырған жерінен ұмсына ұмтылып, көкке шапшиды. Жерден қарыстай көтеріле бергенде, алмастай өткір орақ қарғаның мойнын қырқып түсіпті. “Қаз.ерт.” * Мұны естіген Жаппар жалаңбұттың қуанышы қойнына сыймай, далаға – отынға және жүгіре жөнеледі екен. Қ.Шабд.* Жігіттің қуанышы қойнына сыймай жүріп, әкелген заттарымен табандатқан бір жыл сауда жасады. М.б.Т. * Ата қонысынажақындаған сайын қуанышы қойнына
сыймады. Б.Алд.* Қабенге былай жеткізген: – Апама айттым, келісті!- Қабеннің қуанышы қойнына сыймады. Ж.Нәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *