Posted in

ҚУЛЫҚҚА КӨШТІ

Алдамақ болды. ~ Немістер «сен өзге мүшелерін білесің» деп оны өлтіре сабайды, бірақ білмеген соң не істесін, Бейлис ештеңе айта алмайды. Немістер сонда барып қулыққа көшеді. І.Ес. ~ Әскен байғұс еркелетуге іні таба алмай, әбден қор болып жүр екен де… Амал жоқ, мысық табандап ұсақ қулыққа көшті. М.Қаб. ~ Жаңа көзімнің алдағаны ма? Сеніңкіремей тұрмын. Өтірік айтасыз деп тексеретін емес. Не істеу керек? Көңілімді түсініксіз бір әуестік билеп, сол арада қулыққа көштім. Т.Сәу. ~ Амал жоқ, қулыққа көшуге тура келді. Құстар мен балықтарды адамша сөйлетіп, ойдан мазмұн құрасам, соған кәдімгідей иланып таңырқап қалады. Ж.Кем.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *