Жұртты алдап, айла жасап күн көрді. * Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды. Абай. ~ Апам ләм деген жоқ. Қойныма жат деп айтпады да, он сом ақшаны тақуалап сұрамады да. Сол күннен бастап қулық сауып, ер жеткенімді білдім. О.Бөк. ~ Биттiң еркек-ұрғашысын ажырататын қулық сауып үйренген әккiлер, табысының тең жарымынан астамын мемлекетке бермеудiң амалын тапты. Ә.Ыб. ~ Оның нағыз зымиян, қулық сауған сұмпайы мүскін, адамзаттың қас жауы екенін тірі жанға тіс жарып айтқан емес. О.Бөк.
