Posted in

ҚУРАП ОТЫР

Мұқтаждық көріп, ашықты. ~ «Шыж» етпесі таусылып, өңеші қурап отырған жұрт тұрмыс халінің мән-жайын айтып, мұңын шағады. Т.Берд. ~ Құдай бар, шыным!.. Анауыңның екеуін де мен де қатырдым! Бар түсімін Мәтпұсаға тастап кеттім… Қурап отыр екен, байғұс! Қ.Ысқ. ~ Ен байлықтың ортасында ештеңені ұқсата алмай жұтап, қурап отырып, жылт еткен біреуді көрсек: «анау неге ондай!» деп көзіміз қанталап кетеді. Т.Сәу.

  1. Ұнжырғасы түсіп, көңілсіз отыр. ~ Кәтен Мұңлыққа насаттана қарады да: — Неғып қурап отырсыңдар? — деді алтын тістерін көрсете ыржиып, — көңіл көтеріп отырмаймыз ба? Мая, менің тонымның қалтасында бір бөтелке «экстра» бар, әкелші. Н.Сер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *