Posted in

ҚУЫРҒАН БИДАЙДАЙ

ҚУЫРҒАН БИДАЙДАЙ Жып-жылтыр, майы бетіне шыққан. * Жол жиегіндегі қиыршақ тас лезде шыланып, майға қуырған бидайдай жылтырап шыға келген. Н.Сер. * «Беті майға қуырған бидайдай екен. Соғысқа қатысқан ба? Не жас екені, не кексе екені белгісіз осы қасқа мехнат көрмеген шығар» … Ш.Мұрт.

Бытыр-бытыр еткен, сытырлаған. * Орнынан жаңа тұрып, ұйқысын әлi еркiн ашпаған Сәбира қуырған бидайдай бытырлаған тоқтаусыз сөздiң бiрiн ұқса, бiрiн ұққан жоқ. Т.Сәу. * Мылтықтар қуырған бидайдай бытырлап, пулеметтер дем алмастан тақылдап жатыр. Ә.Нұрп. * Жауын да құрғақ, ыстық табаға салып қуырған бидайдай бытыр- бытыр, сытыр- сытыр етеді. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *