Ерекше сараңдық, пайдақорлық туралы. ~ Ендi ел сөзiне ие болып, бiркелкi жас буын шығып едi. Олар Бөжейдiң балалары: Жабай, Әдiл. Сонан соң жаңа перi боп атанған табанды, қырыс Бейсембi. Және “қу бастан қуырдақтық ет алады” дейтiн, қансүлiк Әбдiлда болатын. М.Әу. ~ Әйелінің соңынан түтігіп Әбдібайдың өзі келіпті. Жұрт оны «Жұмыртқадан жүн қырыққан Әбдібай», «Қу бастан қуырдақтық ет алған Әбдібай», «Шық татырмас Шығайбай Әбдібай» деп бекер айтады деймісің. Б.Соқп. ~ Ендеше, тәңірден басқаның тал асы жоқ. Мен білер Ержол болса, емексіткені басқа. Қу бастан қуырдақтық ет алатын ысқаяқ емес пе. C.См. ~ Қу бастан қуырдақтық ет алатын, тілінің қотыры бар әзілқойлардың айтуынша, бір күні ел жайлаудан түсе, Қарашаның бір топ адамы Зайсанның базарына мал айдап барған көрінеді. Қ.Жұм.
